Жобалық кеңседе оқу жылының басталуы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты қалалық колледждердің өкілдерімен кездесу өтті

2021-09-10
Media drive
Ссылка на страницу
«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасының мақсаты - кәсіптік бағдар беру идеясын дәріптеу, табанды еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы жастардың еңбекке деген сүйіспеншілікті ояту болып табылады.

Мамандық таңдау - адам өміріндегі жауапты қадам. Сондықтан, жастардың кәсіптік даярлығын дамыту өте маңызды. Қаламызда қызмет көрсету, бизнес, туризм, құрылыс саласындағы білікті мамандарды даярлайтын көптеген колледждер орналасқан. Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамда аса қажет жұмысшы мамандықтарын даярлау өзекті мәселелердің бірі.

Осыған орай, жобалық кеңседе оқу жылының басталуы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты қалалық колледждердің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу аясында Бағдарламаны одан әрі тиімді іске асыру, "Еңбек елдің мұраты", "Дәстүр мен ғұрып" және т.б. арнайы жобалар аясында бірлескен жұмысты жалғастыру сұрақтары талқыланды.