Алматыда «Career Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

2023-07-11
Media drive
Ссылка на страницу
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында қаланың 8 ауданында бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 26 мыңнан астам жас қамтылды.
Бұл күндері жұмыссыз жастар, ЖОО, колледждер мен мектеп түлектерінің арасынан 3800 адам тәжірибеден өтуге және 4900 адам әрі қарай жұмысқа орналасуға шақырылды. Қаланың үздік спикерлері түрлі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.