«Туризм және саяхат» халықаралық көрмесі

2023-04-19
Media drive
Ссылка на страницу

Алматыда «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесі басталды. 2001 жылдан бері өткізіліп келе жатқан іс-шара Орталық Азиядағы ең ауқымды көрме болып саналады. Биыл оған қатысуға әлемнің 22 елінен 256 туристік компания келді.

Вьетнам, Грузия, Италия, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Таиланд, Түркия сынды мемлекеттен келген өкілдер ұлттық мәдениетін танытуға асық. Сонымен қатар, көрмеге ірі отандық туристік агенттіктер мен әуе компаниялары қатысты.

Халықаралық көрмеде туристік компаниялар өзін таныстырып қана қоймай, мамандар тәжірибе алмасып, тікелей келіссөз жүргізуге мүмкіндік алды. Алматы қаласы әкімдігі ресми қолдау көрсеткен іс-шара 3 күнге созылды.