WorldSkills Almaty 2023: Алматыда өткен чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

2023-04-18
Media drive
Ссылка на страницу

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 165 жеңімпаз анықталды. Олар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың атынан жеңімпаз дипломдарымен және ақшалай сыйақы алуға сертификаттармен марапатталды (1 орын – 150 000 теңге, 2 орын – 100 000 теңге, 3 орын – 50 000 теңге).

Сондай-ақ, жүлдегерлер Алматы қаласының жетекші компанияларына кепілді жұмысқа орналасуға «алтын сертификаттар» алды.

Биыл чемпионатқа қатысушылар саны мен құзыреттер саны ұлғайды. Егер 2022 жылы 51 құзырет бойынша 350 жас маман қатысса, 2023 жылы 53 құзырет бойынша 380 маман қатысты. Жаңаларының арасында «Энергияның жаңаратын көздері» және «Жартылай фабрикаттар жасау» бар. WorldSkills чемпионатын өткізу – бұл жылдамдыққа арналған бәсеке ғана емес, сонымен қатар ТжКБ оқыту жүйесіндегі жаңа әдістерді анықтайтын және кәсіптік даярлық стандарттарын арттыратын орын болып табылады.