«Кәсібің – нәсібің» атты жоба

2023-01-18
Media drive
Ссылка на страницу
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында жаңа жоба бастау алды. “Кәсібің - нәсібің” атты жобаның мақсаты өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, болашаққа нық қадам басуына сенім білдіру. Аталған жобамыздың алғашқы қонағы белгілі кәсіпкер, “Адал ас” компаниясының негізі қалаушы, бизнес-тренер Ермек Мезібаев болды. Алматы қаласының Сән-дизайн колледжі мен Туризм және қонақжайлылық колледжі студенттері және Жамбыл атындағы 161 лицей мен 33 мектеп лицей оқушылары қатысып, спикердің өмірлік тәжірибесі мен көкейіне түйген мысалдарынан кеңес алды. Әдемі әңгіме барысында өнер саласының майталмандары келіп домбырамен, баянмен керемет ән орындап көпшіліктің жүрегіне жол тапты. Кеш жүргізушісі Қалмахамбет Мұқаметқали өзекті сауалдарымен кәсіпкердің ойын көркемдей түсті.