«Еңбек - елдің мұраты» - еңбек династиялары»

2022-03-03
Media drive
Ссылка на страницу

Адам өмірін еңбексіз елестету мүмкін емес. Біз еңбектің арқасында өмірімізді жақсы жаққа өзгертіп, қабілеттерімізді шыңдай аламыз , жаңашылдыққа ұмтыламыз. Еңбек – әр отбасының әл-ауқатының негізі. Мамандық пен қызметтің түрі сан алуан. Алайда, әр адамға ең маңыздысы - жаны сүйетін, өзіне және қоғамға пайдалы әрі табысты ісінің болуы. Еңбек етуде ата кәсібін жалғастырып, мамандықтың, бүкіл отбасының ортақ еңбек түрімен айналысуы сол әулеттің еңбек жолын жалғастыру (династия) болыүлкеннен-кішіге даруып табылады. Біздің династиямыздың негізін қалаушы – Түрксіб теміржол құрылысында қызмет еткен атамыз. Ол 31-жылы Қазақстанда аталмыш теміржол құрылысының бастауына ат салысқан. Сондай-ақ, атамның 12 баласының, әкемді қоса алғанда, 10-ы, теміржолшы болды. 2022 жылы біздің династиямызға 711 жыл толады. Келешекте немерелерімді де осы салаға баулысам деймін . Теміржолшылар еңбек династиясының өкілі, «Алматы-2» стациясының бас инженері. Еңбек династияларының дәстүрлі отбасылық идеялары бар. Мәселен, бір отбасы медицина саласының мамандары болса, енді бірі құрылыс, не өндіріс саласын таңдап жатады. Ал, енді біреулері өз миссиясын ұстаздық ету деп біледі . Елімізде көптеген мамандықтар жақсы дамыған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Қабілеттілікті шыңдау арқылы дәрігер, инженер, экономист, сатушы, адвокат, құрылысшы да болуы мүмкін. Ең бастысы – адамның жүрек қалауының болуы. «Жұмысына ерекше құлшыныспен барып, өзіне көңілі толып үйіне қайтатын адам – бақытты адам». Еңбектеніңіздер, кәсіби дағдыларыңызды шыңдаңыздар, жолыңызда қандай қиындық туындаса да тоқтамаңыздар! Бар күш-жігерімізбен еңбектенсек , болашағы жарқын, гүлденген Қазақстанды бірге құрамыз . Баланы ерте жасынан еңбекшіл болуға, өзгенің еңбегін бағалауға үйрету қажет. Қашанда еңбектеріңіз жемісті болып, құрмет пен қуанышқа бөленіңіздер.