Алматыда дүниежүзілік "Аударыспақ" – қазақтың ұлттық ат спортының федерациясы құрылды

2023-07-07
Media drive
Ссылка на страницу
Алматыда дүниежүзілік "Аударыспақ" федерациясы құрылды. Оған Еуразияның 10 елі мүше болды.
Аударыспақ спорты қазақтың ұлттық аударыспақ ойынына негізделген. Мұндай спорттық ойындар қазіргі таңда тек Қазақстан емес, Орталық Азия, Кавказ өңірі, тіпті, Еуропа елдерінде де танымал. Ал Қазақстанда 2 мыңға жуық адам осы спорт түрімен айналысады.
Жаңадан құрылған "Аударыспақ" федерациясы өзінің басты міндеті ретінде "Аударыспақ" спортын дамыту және оны ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізуді атап отыр.