Рухани Жаңғыру – Ұлт болашағы, Ел мәртебесі

2022-02-23
Media drive
Ссылка на страницу
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы, ел мәртебесі» атты іс-шара өтті.

Шараға 100 жаңа оқулықты, оның ішінде философия, кинотану бағытындағы еңбектерді қазақ тіліне аударған білікті аудармашылар, «Ұлттық аударма» бюросының мүшелері Әсет Құранбек пен Айымжан Рыскиева қатысты. Олар аталмыш жобаның мемлекеттік маңызына тоқталып, жоба аясында ана тілімізге аударылған әлемдік философияға арналған еңбектердің жазылу тарихына, авторлар қолданған әдістеме ерекшеліктеріне, сондай-ақ аударма ісі, оның мәдениетаралық сұхбат пен ұлттық тіліміздің сөздік қорынының ғылыми терминдермен толығуына тигізетін әсеріне байланысты құнды ойларымен бөлісті.

2017-2021 жылдары 100 жаңа оқулықтың қазақ тіліне толығымен аударылып, еліміздің 132 жоғары оқу орынына тегін таратылды. Білім беру жүйесіне енгізілген жаңа оқулықтар оқытушылар мен ізденушілер тарапынан жоғары бағасын да алып үлгерді.