ҚазҰМУ студенттерінің нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевпен мотивациялық кездесуі

2022-04-12
Media drive
Ссылка на страницу

Жоғары санатты нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург. Денсаулық сақтау ісінің магистрі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ең жарқын түлектерінің бірі. Мыңжылқы Бердіқожаев – нейрохирург, ол тек туған жері Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал дәрігер. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін ол ми тамырларына 1100 астам жоғары технологиялық операциялар жүргізді. Қазіргі таңда М.Бердіходжаев бастаған нейрохирургиялық бөлімше Қазақстан өңірлеріндегі дәрігерлер үшін ең ірі оқыту орталығы болып табылады.

Белгілі нейрохирург ҚазҰМУ болашақ дәрігер-студенттерімен кездесті. Мыңжылқы Бердіқожаев студенттерге өзінің табысқа жету жолы туралы айтып берді.

«Біздің барлық денсаулық сақтау саласы, сіздер, жас дәрігерлер, біздің азаматтарымыздың кем дегенде Еуропадағыдай өмір сүруі үшін жұмыс істейтін боласыздар. Егер бізде қазір өмір сүру ұзақтығы 74 жыл болса, сіздердің міндеттеріңіз – қазақстандықтардың 80 жыл өмір сүруін қамтамасыз ету. Сірә, мұнда бірінші, екінші курс студенттері көп шығар, сондықтан барлықтарыңызды 6 курстан кейін жағдай қалай болатыны толғандырады, ал маған не болды? Мен өмір бойы дәрігер болғым келді, химия, биология пәндерін оқыдым, бірақ бәрібір қолымнан келмейді деп қорқатынмын. Қорқыныш жойылды. 6 курсты аяқтап, нейрохирургияға барам деп ойладым, ойымдағыдай болмаса, бұл да қорқыныш. Дегенмен сынақты беске тапсырып, қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Кафедраға келгенде хирургиялық түйіндерді түюді үйрене бастадым, маған қасапшы сияқты жасайтынымды ескертетін. Сондықтан қорықпаңыздар, екі айға дейін сіздер тек түйіндерді түюге дағдыланып, үйренесіздер. Бірден бірінші курстан хирург болуды ойламау керек. Мен сіздердің жігерлеріңізді білемін, мүмкін кезекшілікке, кафедраға барып жүрсіздер. Әркімнің оған шамасы болмайды. Барлық істі қатар алып жүруге дағдылану қажет. Сіздерге алдымен үйрену қажет. Сіздердің басты міндеттеріңіз – жақсы терапевт болу. Бізге кафедрада жақсы хирург ең алдымен жақсы терапевт болуы қажет деп ескертетін», – деді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Белгілі нейрохирург болашақ дәрігерлерге алдымен жақсы маман болудың барлық негізгі қасиеттерін білуге, содан кейін ғана бір бағытты таңдауға кеңес берді.

«Мен нақты білетінім, 6 курстан кейін сіздерден үздік мамандар шығады. Ең алдымен медицина адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Бұл сіздердің университет қабырғасында білім алып жүргенде қалыптастыратын басты дағдыларыңыз. Бүгінгі күні дәрігерлермен байланысты көптеген мәселелер адамдар бір-бірін түсінбегендіктен туындайды. Яғни науқас келеді, сөйлеседі. Әңгіме соңында біреуі бір нәрсені айтқан, ал екіншісі оның басқаша түсінгені белгілі болады. Мәліметті дұрыс жеткізе білу қажет, байланыс орната білу қажет, сіздерге бір-біріңізді қолдап, қарым-қатынас жасап үйрену қажет. Бұл дағды сіздерге өмірлеріңіздің соңына дейін пайдасын тигізеді. Қазір менің әр аймақта таныс дәрігерлерім бар, тіпті бір емес бірнеше. Маған хабарласқан кезде сөйлесуге уақыт табамын, көмектесемін, қажет кезде өзім  хабарласамын», – деді белгілі дәрігер.

ҚазҰМУ студенттері көкейлеріндегі сұрақтарын қойды, ал Мыңжылқы Бердіқожаев қуана жауап берді және болашақ дәрігерлерге бағыт-бағдар берді.