«Жетісу күй өнерінің қайнар көзі – Қожеке Назарұлы» атты кітап көрмесі

Media drive
Сайтқа сілтеме

Өнер бөлімінің оқу залында қазақтың белгілі күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына орай «Жетісу күй өнерінің қайнар көзі – Қожеке Назарұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты– композитор, күйші Қожеке Назарұлының музыкалық шығармашылығын зерделеу және насихаттау, Қазақстанның ұлттық мұрасы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрмеде оның өмірі мен шығармашылық жолын ашатын материалдар ұсынылған: Т.Әскер «Қожеке»; «Тарихи тұлғалар»; Т.Қ.Хантәңірі «Албан шежіресі»; Б.Ж. «Қазақстан мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық»; «Жетісу: энциклопедия»; А.Тарақты «Күй шежіре»; А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері»; П.Момынұлы «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы»; Б.Мүптекеев, С.Медеубекұлы «Жетісудың күйлері» және т.б.