«Ақселеу Сейдімбек - Ұлы даланың дара тұлғасы» еске алу кеші

Media drive
Сайтқа сілтеме
ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақселеу Сейдімбек - Ұлы даланың дара тұлғасы» атты еске алу кеші өтті.
Шара барысында  жыршы Әбіш Әділбек Қабан жыраудың «Мұсылмандар жарандар» атты термесін  және  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті Айдос Шәкірт Ақселеу Сейдімбектің әндерін орындады.
Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлы даланың дара тұлғасы» атты безендірілген кітап көрмесіне  кітапханашы Қарабаев Құрмет шолу жасады.
Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, белсенді жастар, Алматы темір жол көлігі колледжі, Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері, және т.б.