«Ғасыр сазын тербеген» көрмесі

2022-10-29
Media drive
Сайтқа сілтеме
A.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевке арналған «Ғасыр сазын тербеген», «Нұрғиса Тілендиев» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтті.
«Нұрғиса Тілендиев» кітабында күйші-композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылған, ал екінші «Ғасыр сазын тербеген» кітабында Нұрғиса Тілендиевтің мерзімді баспаларда жарық көрген материалдарының жиынтығы ұсынылған.