«Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобының концерті

2022-09-05
Media drive
Сайтқа сілтеме
Ұлттық әуеннің заманауи музыкамен үйлесімділігі жиылған жұртқа ерекше әсер берді. Алматыда екі түрлі саздың тоғысуынан құралған әуезді кеш өтті.
Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобының концерті Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда болды. Ұлттық әуеннің заманауи музыкамен үйлесімділігі жиылған жұртқа ерекше әсер берді.
«Концертіміз бесінші рет өткелі жатыр. Алғашқы кездесуіміз Ай-флаймен 2017 жылы Экспода болды. Содан халық жақсы қарсы алған соң, біз шығармашылық тандэмді жалғастырып жатырмыз. Бүгін халық жаңа шығармаларды естиді. Бәріне ұнайды деген сенімдеміз», – деді «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева.