Балалар жылы аясында Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

2022-03-12
Media drive
Сайтқа сілтеме
Жетісу ауданының «Кемел» ықшамауданында Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Жаңа кешеннің секциялары мен үйірмелері балаларға тегін болады. Сондай-ақ мұнда көркем гимнастика, эстетикалық топтық гимнастика, бадминтон және шығыс жекпе-жегінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат, тоғыз құмалақ секциялары жұмыс істейтін болады. Ғимараттың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр, жобалық қуаты – ауысымына 94 адам. Кешеннің құрылысы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және «Шетсіз қала» жобасы аясында өткен жылы басталды.