Зұлқарнай Сейітұлының 100 жас мерейтойына орай мерекелік іс-шара өтті

2022-12-20
Media drive
көрсетілім
Сайтқа сілтеме
Жүктеу
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлқарнай Сейітұлының 100 жас мерейтойына орай мерекелік іс-шара өтті.
Кешке Қорғаныс министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, әкімдік өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Бүгінгі кеште еңбек сіңірген қайраткердің жаңа кітабы таныстырылды.
Ардагер соғыстан кейін ғылымға бет бұрған. Еліміздің медицина саласына, оның ішінде биология ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 100 жасқа келсе де шәкірт дайындаумен және де кітап жазумен айналысады. Бүгінгі кеште еңбек сіңірген қайраткердің жаңа кітабы таныстырылды.
«Медицина университетінің және басқа да оқу орнының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған «Биохимия» кітабын ағылшын тілінде шығарды. Бұл кітаптың алғашқы түпнұсқасы бар. Себебі 1980 жылдары З.Сейітұлы алғаш орыс тілінде шығарды. Сол еңбегі үшін «Платина тарланы» сыйлығына ие болды. Одан кейін ол кітапты қазақша жазды», – деді М. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры Камалидин Шәріпов.