Алматыда жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өтті

2020-03-12
Media drive
Сайтқа сілтеме

Латын графикасына көшкенде қазақ тілінің әліпбиі мен грамматикасы емлеге бағынуы керек. Сонда ғана ана тіліміздің ерекше өзіне тән табиғаты сақталады. Бүгін ғалымдар жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өткізді. Жиынға қатысқан филологтар мен тіл жанашырлары бірнеше ұсыныстар айтты. Сөздерінше, әліпбидегі әріптерді дұрыс таңбалау қажет. Сонда ғана қазақ тіліне тән әріптер қолданыстан жойылмайды және мәнін жоғалтпайды.