ҚазҰУ ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

2022-04-09
Media drive
45 көрсетілім
Сайтқа сілтеме
Жүктеу
Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы да белсенді қатысып, бір кісідей атсалысты.

Білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қалашық аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде университет аумағындағы қоқыстар жиналып, ағаш түптері ағартылды. 

Сонымен қатар әр факультеттің студенттері өздерінің  оқу корпустары мен жатақханаларының айналасында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Сенбілікке 10-ға жуық техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, тазалық жұмыстары «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында өтіп жатыр. Жалпықалалық сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері мен 400-ден астам арнайы техникасы жұмылдырылған болатын. Тазалық шарасы сағат 09:00-де басталып, 12:00-ге дейін жалғасты.