«Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» атты ЖОО арасында тілдер бойынша пәндік олимпиада

2024-04-19
Media drive
Сайтқа сілтеме
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның 80 жылдығына орай, консерваторияның «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасы, Қазақ және шетел тілдері секциясының ұйымдастырған Олемпиада қала бойынша барлық ЖОО-да білім алатын бакалавриат студенттері арасында өтті. Онда екі секция жұмыс істеді:
Секция №1 – Қазақ тілі, Орыс тілі.  
Секция №2 – Ағылшын тілі.
Жұмыстарды бағалау міндетті саналатын екі кезеңнен тұрды. Екі кезең қорытындысы нәтижесінде әр пән бойынша I, II және III орындар тағайындалып, жеңімпаздарға Дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды және барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.