Алматыда Республика күніне орай 1000-нан астам ағаш отырғызылды

2022-10-15
Media drive
Сайтқа сілтеме
Мегаполистің “Желтоқсан” саябағында Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. "Желтоқсан" ҚБ және Алматы қаласы  бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу, сондай-ақ саябақтың іргелес аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қонақтары үшін концерттік бағдарлама, алтын сақа, тұмақ ату, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрінен жарыстар  және мерекелік дастархан ұсынылды.
Іс-шараға 50 ден астам волонтерлер келді.