«Ұлт драматургиясын сахнаға қою: тәжірибе, үдерістер» атты семинар

2024-05-17
Media drive
Сайтқа сілтеме
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімі ұйымдастыруымен белгілі қаламгер, аудармашы, жазушы-драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛТ ДРАМАТУРГИЯСЫН САХНАҒА ҚОЮ: ТӘЖІРИБЕ, ҮДЕРІСТЕР» атты семинар өтті.
Мақсаты: Бүгінгі драматургияның хал-жайы, бағыты мен көркемдік сапасы, қазақ театрының репертуарлық саясатындағы отандық авторлардың орны.
Бағдарламада: Негізгі баяндама тақырыбы:
«Жүсіпбек Аймауытов және ұлт театры»
Семинарда талқыланатын мәселелер:
Жүсіпбек Аймауытов шығарамшылығының ұлт театрын дамытудағы орны мен ролі;
Бүгінгі қазақ драматургиясының көркемдік деңгейі; Ұлттық сахна өнері мен драматургиясын дамытудағы жаңашылдық үдерістері.

Семинарға: Драматургтер, әдебиеттанушылар, театртанушылар, театрдың режиссерлері мен әдебиет бөлімінің меңгерушілері және басшылар қатысты.