Әйгілі балуандар туралы кітаптың таныстырылымы

2022-03-15
Media drive
Сайтқа сілтеме

Алматыда алып күшімен танылған балуандар туралы құнды кітаптың таныстырылымы өтті.

Экзистенциялық бағытта жазылған «Балуан тас» атты екі томдықта көне түркі-ислам дәуіріндегі қара күш иелерінің өмір салты, олардың тұрмысқа сіңген еңбегі  баяндалады. Сонымен қатар күрес өнеріне қатысты аңыз-әфсаналар, ел аузындағы әңгімелер мен тарихи деректер енгізілген. Кітаптың әрбір томы 1 мың данамен жарық көрген. Оқырман жаңа бағыттағы туындыны Алматы қаласының кітапханаларынан таба алады.  

«Бұған дейін мұндай кітап болған емес. Болса да тек спорттық жағынан қамтылған. Бұл жерде палуандардың жан-дүниесіне, олардың артында қалған ізіне, ел үшін жасаған істеріне баса мән беріледі», - деді автор, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров.