«Кәсіптік білім: табысқа жету жолы» атты қалалық жұмысшы мамандығы фестивалі
2023-03-28
Media drive
49 көрсетілім

Алматыда "Кәсіптік білім: табысқа жету жолы" атты қалалық жұмысшы мамандығы фестивалі басталды.
Фестивальдің мақсаты - Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің позицияларын кәсіптік бағдар беру және жұмысшы және орта буын мамандығын насихаттау. Іс-шаралар 2023 жылғы 8 сәуірге дейін жалғасады.
Бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында "ТжКБ беделі" тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс турнирінің тақырыбы - "Техникалық және кәсіптік білім берудің беделі".
Турнирге үш лига енді: қазақ, орыс және ағылшын. Алматы қаласының әр ауданынан әр лигаға бір команда жасақталды. Барлығы қаланың сегіз ауданынан 160 оқушы қатысты.
Бағдарламада басқа да іс-шаралар қамтылды. Оқушылар қаладағы тігін фабрикалары, өндірістік және жиһаз компаниялары, киностудиялар, тамақтану және өсімдік шаруашылығы саласындағы ұйымдар және т.б. базаларына экскурсиялар жасады.