Мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауы

2022-12-04
Media drive
Сайтқа сілтеме
Абай университетінің базасында мектеп мұғалімдері арасында математика, физика және информатика мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚР Ата-аналар комитетінің өкілі Гүлнар Омар, «Зерделі» білім беру орталығының директоры Рысбек Мәуіт және Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов қатысты.
Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру, Қазақстандағы математика мұғалімдерін біріктіру және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсете отырып, тәжірибе, білім алмасу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету.