Алматыда ерекше «тәтті» көрме өтті

2022-11-11
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматының Орталық музейіне қойылған экспонаттарға бес жүз келіден астам шоколад жұмсалды. Мұнда тәтті бұйымдар мен мүсіндерді кездестіруге болады. Тақырып сан алуан. Ас үй жабдықтары,  бау-бақша өнімдері, хайуанаттар бағы... осының бәрін бір жерден көре аласыз. Бұдан бөлек ауыз тиюге де болады.
Кәдімгі пингвин, пудель ит, спорт кубогы, футбол добы, жеміс-жидек пен көкөніс салынған себеттер. Осының бәрі тәтті иісі аңқыған таза табиғи шоколадтан жасалған. Сырты италиялық глазурьмен қапталған.