Ұлттық домбыра күні Көктөбе атап өтілді

2024-07-08
Media drive
Сайтқа сілтеме
Көк Төбе саябағының алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған «Dombyra Party Көктөбеде» мерекелік шарасы өтті.

Ұлттық домбыра күні жыл сайын елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Осы мерекеге орай Көктөбеде қала тұрғындары мен қонақтары домбыра аспабынан төгілген жыр шашуды тамашалауға бірегей мүмкіндік алды. Сондай-ақ концерт кезінде домбыра жасау шебері Жолаушы Тұрдығұловтың домбырасы көрермен арасында ойнатылды.