"Асқар тауым - қамақоршым!" ашық диалог алаңы

2024-05-29
Media drive
Сайтқа сілтеме
Елімізде Әкелер күні мекекесінің енгізілуі аясында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, балаларды тәрбиелеудегі әкенің рөлін нығайту мен отбасындағы мәртебесін арттыру мақсатында ашық диалог алаңы өтті.

Сондай-ақ, ел тәуелсіздігін, тыныштығы мен бейбітшілігін сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, ел рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бәсекелестік, адамгершілік мұраты биік, намысты, жігерлі жас патриот ұрпақты тәрбилеудегі әке орнының маңыздылығы талқыланған диалог аланына Қазақстанның Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың қызы-Әлия, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының бас ғылыми қызметкері Рашид Сейітов, “Қазақстан

Әкелері” РСО-ның тең құрылтайшысы, Корпоративтік құқық, басқару және көшбасшылық саласындағы оқытушы Рустам Ахметов, кәсіпкер, “Әкелер Одағы” қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының “Жыл әкесі – 2020” иегері Елям Әбдірахманов, №187 балабақшаның меңгерушісі Фарида Омарбекова және жобаның бірінші кезеңі - “Әке мен бала”спорттық сайысының жеңімпаздары қатысты.
Жиналған жастар спикерлерге белсенді сұрақтар қойып, ашық алаңда өз пікірлерін ортаға салды.