Халықаралық қолөнершілер форумы

2022-10-14
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматыда өткен Халықаралық қолөнершілер форумы аясында бүгін Қастеев мұражайында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден аса шебер қатысты. Ұсынылған өнімдердің қатарында керамика, киіз, тоқыма, зергерлік өнер, жібек шаруашылығы және басқа да қолөнер түрлері бар. Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары осындай іс-шаралардың көбейгені дұрыс дейді. Қолөнершілер ұлттық нақыштағы өнімдерді халыққа ұсынып қана қоймай, суреттер мен әшекей-бұйымдардың ұлт өміріндегі мән-мағынасын түсіндіруге күш салды.