А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері

2022-12-08
Media drive
Ссылка на страницу
8 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының қорытынды жиыны ретінде 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры Райхан Сахыбекқызы баяндама жасап, қатысушыларға «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясынан викториналық сұрақтар қойылып, «Ғасыр саңлағы» атты кітапты  оқырмандарға және кітапханашыларға сыйға тартты.