Алматыға Ықылас Дүкенұлы қолданған қобыздың көшірмесі жеткізілді

2023-02-10
Media drive
Ссылка на страницу

Алматыға Тараздан Ықылас Дүкенұлы өзі қолданған қобызының алғашқы көшірмесі жеткізілді.

Тарихи жәдігер мегаполистегі халық музыкалық аспаптар музейіне қойылды. Дәулескер күйші, қобызшы – қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының көрнекті өкілдерінің бірі саналады. Ол қобыз дыбысының нақты, әрі айқын шығуына себепкер болған. 19 жасында бірінші күйін жазып, оны «Ықылас күйі» деп атаған. Қобызшы – құнды деректерін кейінгі ұрпаққа қобыздың үнімен жеткізген ерекше тұлға.