«Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі

2022-12-03
Media drive
Ссылка на страницу
«16-23 қыркүйекте 16-35 жас аралығындағы күй саласының білікті мамандары мен жастар қатысқан республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өз межесіне жетті. Фестивальдың қорытындысы  3 желтоқсанда Алматы қаласында Құрманғазы атындағы оркестрде қорытындыланды. Бас жүлде - 1 млн теңге. Ал, 1-орын - 750 мың, 2-орын – 500 мың, 3-орын – 300 мың теңге.
Сонымен қатар, аталған фестивальге қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Конкурстың финалында бақ сынаған 45 домбырашының өнеріне Жанғали Жүзбай, Секен Тұрысбеков, Біләл Ысқақов, Мұрат Абуғазы және Батыржан Мықтыбаев сияқты шертпе күйдің майталмандары қазылық етті.