Шархан Мұхаммед-Қанапияның «Тәтті мұң» атты кітабының тұсаукесер рәсімі

2023-04-24
Media drive
Ссылка на страницу

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада ҚР Ұлттық кітапханасының жас маманы, ақын, жазушы, айтыскер Шархан Мұхаммед-Қанапияның зағип және нашар көретін азаматтарға арналған нүктелі-бедерлі және МР3 форматында жарық көрген «Тәтті мұң» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кітапқа жас жазушылар арасында зағип және нашар көретін азаматтардан сұраныс артып, нүктелі-бедерлі және МР3 форматында жарық көрді.

Іс-шара барыснда автордың төл қаламынан туған өлең жолдары оқылып, әндері айтылды.

Шара соңында оқырман қауым өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кітап авторы оқырмандардың көптеген сауалдарына жауап беріп, қызықты оқиғалармен бөлісті.