«Жұлдызды сәт» музыкалық байқауының аудандық кезеңі

2023-04-24
Media drive
Ссылка на страницу

Алатау ауданындағы №196 мектепте «Балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Жарысты ұйымдастыруға «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мұрындық болған. Мың бұралған бишілердің бәйгесі тартысты өтті. Жарысқа жас ерекшеліктеріне сай 40-қа жуық хореографиялық топ пен биші қатысып, бақ сынады. Осы кезеңнен өтіп, жеңімпаз атанғандар қалалық кезеңге жолдама алады. Келесі жарыс 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» жоспарланған.

Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымдық байланыста болу, шығармашыл ұстаз еңбегін көрсету және балалардың өнерге деген, қызығушылығын арттыру