«Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция

2023-04-22
Media drive
Ссылка на страницу

Қазақстан Республикасы Ұлттық   кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияны Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық   кітапханасы бірігіп ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаевтың өмір мен шығармашылығын, балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, балалар қаламгерлерінің жаңашылдығын, қазіргі қазақ балалар әдебиетінің өзекті мәселелерін насихаттау.

Конференция аясында балаларға арналған К.Матыжановтың «Уыз тәрбие» монографиясы және "Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің даму үрдістері (1991–2021)" ұжымдық монографиясының таныстырылымы болды.