Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды

2022-12-12
Media drive
Ссылка на страницу
Биыл көрнекті Мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықов туғанына 90 жыл толды. Мерейтой аясында Алматыда ақын есіміне көше беріліп, өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Көшенің ашылу рәсіміне Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері мен ақынның жақын-туыстары, қызметтестері, қала халқы жиылды.
Салтанатты шарадан соң өр тұлғаның құрметіне ас беріліп, рухына құран бағышталды. Кәкімбек Салықовты еске алып, оның шығармашылығы мен қызметіне ден қойылған республикалық конференция Ұлттық кітапханада жалғасты. Ал кешкісін Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрында концерт ұйымдастырылып, кітаптары мен суреттері қойылған көрме көптің назарына ұсынылды.