«Әдеби насихат пулы» жобасы аясында жазушылармен кездесу

2022-12-09
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Әдеби насихат пулы» жобасы аясында ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Есдәулет Ұлықбек және белгілі жазушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Түменбаев Қуандық ағаларымыздың оқырмандармен кездесу кеші өтті.
Кездесудің басты мақсаты – ұлттық болмысымызға негізделген рухани құндылықтарымызды дәріптеу, мемлекетіміздің саясатын насихаттау, Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматы қаласының абыройын асқақтатып, бүгінгі болмысын көрсету.