Ескірмеген есті әндер:мерекелік концерті

2022-10-25
Media drive
Ссылка на страницу
Ескірмеген есті әндер, ел есінде мәңгі сақтаулы. Оған Республика күні қарсаңында өткен мерекелік концерт куә. Алматы әкімдігі ұйымдастырған арнаулы іс-шарада зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары, қоғам қайраткерлері бой көрсетті.
Мерекелік концерт мың бояулы композициясы, дәстүр мен дыбыстың үйлесімділігі көрермен көңілінен шыға білді. Тәуелсіздіктің әр парағын тарих бетінен саралап, көрсеткен кеште Қазақстанның әртістері де алғы сөз алып, өнер көрсетті.
«Бүгін – өте бір маңызды күндердің бірі. Республика күні – менің ойымша әрбір қазақстандықтың жүрегінде, санасында дем беретін мерекенің бірі. Сондықтан құрметті қазақстандықтар Республика күні құтты болсын!», – деді әнші, актер Дастан Оразбеков.«Қазақ елін Республика күнімен құттықтай мын! Еліміз аман болсын! Халқымыз бейбіт өмір сүрсін. Мына өсіп келе жатқан жастарымыздың денсаулығы мықты болсын», – деді «Айбын» орденінің иегері Төкен Смағұлов.