«Алматы» телернасының ұжымы жалпыұлттық сенбілікке қатысты

2022-10-14
Media drive
Ссылка на страницу
Табиғатты аялауды мақсат тұтқан бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылды. Игі дәстүрден «Алматы» телеарнасының ұжымы да қалыс қалмады. Арна қызметкерлері «Журналистер аллеясына» барып жасыл желекке күтім көрсетті, аумақты тазалады.
Телеарна ұжымының дәл бұл саябақты таңдауы бекер емес. Осыдан үш жыл бұрын телеарна қызметкерлері саябаққа келіп 67 алма ағашын отырғызған еді. Содан бері көк желекке тұрақты түрде күтім көрсетіп келеді.