Алматыда мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті

2022-10-22
Media drive
Ссылка на страницу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 84 тұрғынға салтанатты түрде тапсырды.
Марапатталғандар тізімінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар болды.
Сондай-ақ, бұл күні қала әкімі Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және т.б. медальдарды табыс етті. Мемлекеттік наградалармен атап өтілгендердің қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес және өнеркәсіп, құрылыс, көлік және энергетика салаларының өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік қызметшілер және басқалар бар.