“Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты жыр кеші

2022-11-25
Media drive
Ссылка на страницу
Жыршы, әдебиеттанушы, ғалым Ұлжан Байбосынованың шығармашылығына арналған “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты жыр кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу және қазақстандық этностарды ұлттық құндылықтар аясында топтастыру.
Дөңгелек үстел барысында Шығыс өркениеті және дәстүрлі термешілік өнер туралы келелі ой-пікірлер айтылып, саналы ғұмырын ұлттық өнерді насихаттауға, ғылыми зерттеулерге арнап, жыр, термелердің үздік үлгілерін орындап жүрген белгілі жыршы, әдебиеттанушы ғалым Ұлжан Байбосынованың “Шығыс өркениетіндегі шайырлық дәстүр” атты кітабының таныстырылымы өтті.